08 Сәу 2021
Страницы KZ "Средняя общеобразовательная школа Береке" отдела образования города Атырау Управления образования

Біз туралы

БЕРЕКЕ ОРТА МЕКТЕБІ

Табиғатты мәңгілік ештеңе де жоқ. Таулар да тозады, жер де азады, өзен-көлдер де жоғалып, теңіздер де тартылады.

Бірақ, мәңгі тозбас, азбас бір ғана асылымыз бар. Ол – қай кезде де өлмес қуат, өшпес шырақ сыйлайтын қасиетті білім ордасы – мектеп.

Ендеше, бала тәрбиелеп, оқытуда бел шешпей еңбек етіп келе жатқан ғасырға жуық тарихы бар Береке орта мектебі Балықшы ауданына қарасты  №26 Память-Ильича бастауыш мектеп болып 1937 жылы құрылған.

2017-2018 оқу жылында Береке  орта мектебі болып ашылып алғашқы 10-сыныпқа оқушылар қабылданды. Қазіргі уақытта мектепте шағын орталықта – 30 тәрбиеленуші, МАД – 70 тәрбиеленуші, 1-10-сыныптар арасында – 428 оқушы білім алып тәрбиеленуде.

Осы білім алушыларымызға 50 мұғалім дәріс беруде. Қазіргі кезде мектебімізде  жоғары  біліктілік санатты – 8, бірінші біліктілік санаты – 10, екінші біліктілік санаты – 18. 

Мектеп – баланы болашаққа дайындап келешек өмірін қай бағытпен жүрсе дұрыс екенін, өздерінің керекті, бейім мамандық таңдауға жол, бағыт беретін ұя. Мектеп ұстаздары көздеген мақсатқа жету үшін және де адамға тән жақсы қасиетттердің бәрін бойына алған саналы ұрпақ тәрбиелеу үшін жұмыстанудамыз.  Маусым, тамыз айларында  жаңартылған білім мазмұны курсынан   10  мұғалім курстан өтті.    

Мектебімізге осы мақсатпен орыс тілі, биология, дене шынықтыру пәнінен   тәжірибелі ұстаздар келіп, ұжым мүшелері толығуда.

Былтырғы оқу жылындағы 31 мектеп бітіруші түлектер Атырау қаласындағы колледждерге  25 оқуға қабылданып, 14-і грантқа ие болса, 11 оқушы ақылы бөлімге оқуға түсіп,  6 оқушы Атырау қаласындағы  № 31 мектеп-гимназиясының 10 сыныбына  қабылданды.

Былтырғы оқу жылын 432 оқушы аяқтап, білім сапасы 51,6 пайыз  болды. Жаңа оқу жылының тамыз есебі бойынша 1-11 сыныпта 503 оқушы, МАД тобында 89 оқушы, шағын орталықта 40 тәрбиеленуші білім алады деп жоспарлануда. Мектепте мұғалім саны- 55, жоғары санатты-12, І санатты - 10, ІІ санатты – 20  мұғалімдер сабақ береді.

Мектептің 40 жуық қазақ, кәріс бастауыш сынып балаларына А.Д.Тен және Қ. Тыныбекова ұстаздық қызмет еткен. (1940-1960 жылдардағы дәйекті детектер табылмады).

Соғыстан кейінгі жылдары Ұлы Отан соғысының ардегері Құспан Нұрпейісов 1969-1975 жылдар аралығында мектеп директоры болып қызмет атқарды. Сол жылдары дәріс берген Қапиза Тыныбекова, Күміс Есқалиева сынды ұстаздар еңбек етіп, талай шәкірттерді білім нәрімен сусындатты.

40 жыл ұстаздық қызметтен зейнткерлікке шыққан Күміс Есқалиева 1965 жылы ҚазССР-ң І дәрежелі медалімен марапатталды.

2004 жылы 1439 жарлығы бойынша «1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 60» мерекелік медалімен Қ. Тыныбекова және К. Ескалиева марапатталды.

Қазіргі мектеп үйі 1986 жылы бала бақша жанынан екі ғимараттан (бастауыш мектеп, негізгі мектеп) тұратын 4 жылдық мектеп- балабақша болып ашылды.

1986-1991 оқу жылдары мектеп- балабақша директоры болып қызмет атқарған Жанипа Ғұбашева осы жұмыстарды ұйымдастыруда басшы ретінде шеберлігін көрсете білді.

1992-1993 оқу жылында мектеп-балабақша 7 жылдық орталау мектеп болып ашылды. Директоры Қазбек Мақашев 7 жылдық мектептің іргесін қалап, алға басуына көп еңбек сіңірді. Қ. Мақашев мектептің оқу бөлмелеріне қала мектептерінен парталар, шкафтар, көрнекіліктер мен оқулықтармен кітапхананы жабдықтады. 1993-1994 оқу жылында 8 жылдық орталау мектеп болды.

1994-1995 оқу жылдарында мектеп қазығы тереңдетілде бойлап, түпкілікті 9 жылдық болды. Осы шаңырақтан дәріс алған тұңғыш 12 мектеп түлегі әр салады қызмет атқарып жүр, кейбірі ұстаздық білім алып осы білім ордасына қайта оралып, ұстаз болып, 2004-2005 оқу жылдары оқу ісінің меңгерушісі қызметін атқарған Құлжанова Назира Қармысқызын атауға болады.

1997-2000 жылдары мектеп директоры тарих пәнінің мұғалімі Гүлжамал Базарбаева басқарды. Оқыту мен тәрбие жұмыстарының сапасын біраз арттырды. Мұғалімдердің барлық күш- жігерлері мен білімдерін шәкірттерге сапалы білім беруге жұмылдырды.

Мұғалімдер коллективі жылдан-жылға маман кадрлармен толықтырыла түсті. Мұның өзі оқу-тәрбие сапасының жыл сайын жақсара түсуіне игі әсерін тигізді. Мектеп ауласына жеміс ағаштары: алма, шие, алмұрт отырғызылды.

Жас ұрпаққа білім мен еңбекке баулуға қосқан еңбегі үшін Береке негізгі мектебі 1999-2000 оқу жылында  мұғалімдердің тамыз мәслихатында аудандық білім және спорт бөлімінің «Құрмет граммотасымен» марапатталды.

2001-2002 оқу жылынан бастап мектеп «Береке ауылының негізгі мектебі» деген лицензиясын алды.

2005-2006 оқу жылының ІІ жарты жылдығында мектеп жанынан 15 тәрбиеленушімен шағын орталық ашылып жұмыс жасауда.

Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігінің бұйрығымен Береке негізгі мектебі базасындағы мектепке дейінгі шағын орталық Республикалық эксперимент алаңы болып бекітілді.